Жаңалықтар

Бас санитариялық дәрігер адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды

Бас санитариялық дәрігер адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды

ҚР Бас санитариялық дәрігері адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды. Ол бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді. Осыған байланысты, А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды. Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандардың маусымдық өсуі байқалады. Ауырғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% өсті.