Жаңалықтар
«Баспана Хит» пен «7-20-25» бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады
- авторjambylinfo.kz
- 19 мамыр, 2021
- 266
«Баспана Хит» пен «7-20-25» бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады
Мемлекет несиелеу бағдарламаларын қаржыландыруды кезең-кезеңімен аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті.
«Әлемдік дағдарыс және оның экономикаға тигізетін әсерін ескеріп, нарық принциптеріне жол бере отырып, мемлекеттің несиелеу бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты, Үкімет, Ұлттық банк және Агенттік арасында жылдың басында 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойылған болатын. Келісім аясында 2023 жылдан бастап Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырмайды», деді Мәдина Әбілқасымова CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING SUMMIT барысында.
Оның айтуынша, 2021 жылы «Баспана Хит», 2022 жылы «7-20-25» бағдарламаларын қаржыландыру аяқталады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда қанша бала спорттық үйірмеге барады?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024