жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Баспасөз картасы журналисті блогерден ажырату үшін беріледі – Дархан Қыдырәлі

Баспасөз картасы журналисті блогерден ажырату үшін беріледі – Дархан Қыдырәлі
ашық дереккөзі
Баспасөз картасы журналисті блогерден ажырату үшін беріледі – Дархан Қыдырәлі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне «Баспасөз картасы» механизмін енгізу не үшін көзделіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Масс медиа туралы заң жобасында журналистің мәртебесін айқындау көзделіп отыр. Баспасөз картасы сол журналистің статусын айқындау үшін, жалпы журналист пен блогерді ажырату үшін беріледі. Бұл жаңашылдық Еуроодақтың біраз мемлекеттерінде, мысалы Түркияда біраз жылдан бері кеңінен қолданылады», - деді министр. Ол пресс-карт шетелдің тәжірибесінен алынған механизм екенін еске салды. «Сонымен қатар оны беру механизмін де қарастырып жатырмыз. Бұл негізі журналистердің өзін-өзі реттеу механизмі бойынша арнайы комиссия арқылы реттеледі деген ойдамыз. Ол картаны министрлік бермейді, өздеріңіз сияқты жалпы журналистер қауымдастығы тарапынан құрылатын комиссия арқылы шешіледі», - деді Дархан Қыдырәлі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар