Жаңалықтар

Басына оқ тиген ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды

Басына оқ тиген ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды

Қайғылы оқиға бүгін болған. Марқұм биыл көктемде әскер қатарына келген. Теміртау қаласының тумасы. "Қатардағы жауынгер әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кірісті. Штаб бойынша кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің қызмет өткеруін тексеру кезінде қатардағы жауынгерді өз бекетінде басына тиген оқ жарақатымен тапты", - делінген хабарламада. Қызметтік тергеу басталды.