
Соның бірі батыр Ақәділ Суханбаевтың ескерткіші, мұнда облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров бастаған бір топ азаматтар және басқарма басшылары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жас буын өкілдері батыр рухына тағзым етуге жиналды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ескерткіш алдына жиналғандар батырды бір минуттық үнсіздекпен еске алып, жауынгер батырдың рухына құрметпен тағзым етті.
1941 жылы майдан даласына аттанған боздақ Белоруссия мен Литва, Польша жерінде кескілескен шайқастардың ортасында жүрді. 1944 жылы Польшаның «Стжельцовизна» ауылын азат ету кезінде ол Александр Матросовтың ерлігін қайталап, ажал оғына кеудесін тосып, жаудың пулеметінің амбразурасын өз денесімен жапты.
Бұл жанқиярлық елдік пен ерліктің мәңгі өшпес мөрі.
Арада бір жыл өткенде, 1945 жылдың 24 наурызында, батыр есімі Кеңес Одағының Батыры атағымен ұлықталды. Оның сүйегі Литваның көрікті қаласында әскери құрметпен жерленіп, рухы туған елінде мәңгілікке тыныстап тұр.