Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалды – БАҚ
Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалды – БАҚ
Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл ретте әзірге басқа мәліметтер жоқ екені атап өтіледі. Байбек 2015 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін Алматы қаласының әкімі болған, оған дейін 2013 жылдың қаңтарынан бастап «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы төрағасының бірінші орынбасары, одан бұрын, 2009 жылдың тамызынан бастап Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған.