Жаңалықтар
Байқоңыр тұрғындарының соғысқа шақырылуы: кешен басқармасы түсініктеме берді
- авторjambylinfo.kz
- 14 ақпан, 2023
- 278
Байқоңыр тұрғындарының соғысқа шақырылуы: кешен басқармасы түсініктеме берді
Бұдан бұрын жазғанымыздай, қала прокуратурасы соғысқа қатысуға ниеттілерге 260 мың рубль (1,5 млн теңгеден астам) көлемінде өтемақы тағайындалатыны жөнінде хабарлама таратқан.
Байқоңыр қаласының арнайы өкілдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мобилизациялау және төлемдер туралы ақпарат Байқоңыр аумағында орналасқан Ресей Федерациясының азаматтарына ғана қатысты.
Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы №49 Қаулысына сәйкес, Байқоңыр қаласында тұратын азаматтарға, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленген. Ресей Федерациясы президентінің 21.09.2022 жылғы №647 «Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жариялау туралы» Жарлығына сәйкес, тек Ресей Федерациясының азаматтары әскери қызметке шақырылады. Сондай-ақ ерікті түрде әскери қызметші ретінде жұмылдыру немесе арнайы әскери операцияға қатысу үшін Ресей Федерациясының 60 жасқа дейінгі ер-азаматтары шақырылуы мүмкін, - делінген хабарламада.Нақты айтқанда, қаулыға сәйкес, әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы ақшалай төлем тек Байқоңыр қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтарына ғана тағайындалмақ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз