Байқоңыр тұрғындарының соғысқа шақырылуы: кешен басқармасы түсініктеме берді
Байқоңыр тұрғындарының соғысқа шақырылуы: кешен басқармасы түсініктеме берді
Бұдан бұрын жазғанымыздай, қала прокуратурасы соғысқа қатысуға ниеттілерге 260 мың рубль (1,5 млн теңгеден астам) көлемінде өтемақы тағайындалатыны жөнінде хабарлама таратқан. Байқоңыр қаласының арнайы өкілдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мобилизациялау және төлемдер туралы ақпарат Байқоңыр аумағында орналасқан Ресей Федерациясының азаматтарына ғана қатысты.
Нақты айтқанда, қаулыға сәйкес, әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы ақшалай төлем тек Байқоңыр қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтарына ғана тағайындалмақ.