Байден келесі жылы президенттікке қайта таласатынын мәлімдеді
Байден келесі жылы президенттікке қайта таласатынын мәлімдеді
АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы президенттікке қайта таласатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Үш минутқа созылған саяси мәлімдемесінде ол өзінің сайлау алды науқанындағы ең маңызды мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда түсік түсіру құқығы, демократия мен сайлау құқығын қорғау және американдықтардың әлеуметтік кепілдіктері жайлы сөз қозғады. Байденнің сөзінше, сайлаушылар келешек ұрпақтың болашағы қандай болатынын, еркіндік пен құқықты таңдау мүмкіндігіне ие болады.