Жаңалықтар

Байден мен Макронның кешкі асына 500 мың доллар жұмсалған

Байден мен Макронның кешкі асына 500 мың доллар жұмсалған

АҚШ және Франция президенттерінің кешкі асына жарты миллион доллар жұмсалған , деп хабарлайды Жамбылинфо Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Дереккөздің мәліметінше, бұл сомаға қымбат тағамдар ғана емес, сонымен қатар зергерлік бұйымдар және ыдыс-аяқты жалға алу ақысы да кіреді. Айта кетейік, бұған дейін Макарон мен Байден АҚШ пен Франция Киевке қажетінше көмек көрсететінін мәлімдеген. Франция мен АҚШ Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін және энергетикалық жүйені қалпына келтіруге қажетті жабдықты жеткізуді жандандыруға ниетті. Екі ел 13 желтоқсанда Парижде өтетін халықаралық конференция барысында Киевке көмек көрсету мәселесін серіктестермен талқыламақ.