Жаңалықтар

Байден: "Ресей сарбаздарды соғысқа шақырып, БҰҰ Жарғысын өрескел бұзды!"

Байден: "Ресей сарбаздарды соғысқа шақырып, БҰҰ Жарғысын өрескел бұзды!"

АҚШ президенті Джо Байден Ресей "БҰҰ Жарғысын айтарлықтай бұзды" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Байден Ресей Украинаға қарсы ашық соғыс жариялап, Украина аумағының бір бөлігін аннексиялауға тырысып, жалған референдум ұйымдастырды деп айыптады. Байден БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымына терең реформа жүргізуді ұсынды. "БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, соның ішінде Америка Құрама Штаттары, БҰҰ Жарғысын дәйекті түрде қорғауы керек және Кеңестің беделді және тиімді болып қалуы үшін сирек кездесетін, төтенше жағдайларды қоспағанда, "вето" құқығын қолданудан бас тартуы керек. Сондықтан Америка Құрама Штаттары Кеңестің тұрақты және тұрақты емес өкілдерінің санын көбейтуді қолдайды",- деді ол.