Байден жаңа жоспар ұсынды
Байден жаңа жоспар ұсынды
АҚШ президенті Байден Конгрестің біріккен отырысындағы алғашқы мәлімдемесінде жұмыспен қамту, білім беру мен әлеуметтік қорғауға қатысты бағдарламасын ұсынды. Президент болып сайланғанына 100 күн толу қарсанында Джо Байден жалпы сомасы 4 млрд АҚШ доллары болатын жоспар ұсынды. Сарапшылар мұндай көлемді әрі қомақты қаржы талап ететін жоспар 1960-жылдардан бері болмағанын айтады. Байденнің өзі мұны «Америка ұрпағына жұмсалатын инвестиция» деп атады. Дегенмен, бұл заңды күшіне енбес бұрын Конгресте қызу талқыланбақ. Өйткені палатадағы республикашылар салықтың өсуі мен мемлекеттік шығынды көбейту мәселесін қолдауы екіталай. Сонымен, Джо Байденнің ұсынысы қандай? Президент өз сөзінде «Америка үшін күш біріктіретін және елдегі 1 пайыздардың өз табысын жасырмай, ортаға салатын кезі келді», деді. Жаңа жоспар қоғамдық көлікке де инвестиция тартуды қарастырады. Осылайша үлкен автожолдар мен көпірлерді жақсарту қарастырылмақ. Байден одан әрі жаһандық климат мәселесінің де назардан тыс қалмағанын айтты. Ол тоқпен жүретін көліктер шығаруда АҚШ-тың неге кенже қалғанын түсінбейтінін білдірді. АҚШ отбасы жоспарына 1,8 трлн доллар жұмсамақ. Оның шеңберінде 3 пен 4 жас аралығындағы балалардың оқуын тегін ету, отбасы мүшелерінің төленетін денсаулық демалысын алуды қамтамасыз ету, колледжге түсерде төлейтін төлемді алып тастау, пандемия кезінде салықтан босату көзделіп отыр. Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/273296-bayden-dganha-dgospar-usyndy © egemen.kz