Жаңалықтар

«Байтақ» жасылдар партиясының Астанадағы штабында өрт шықты

«Байтақ» жасылдар партиясының Астанадағы штабында өрт шықты

Төтенше жағдай 6 наурыз кешке болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, қызметкерлер эвакуацияланды. Партияның бірнеше қызметкері жеңіл түрде уланған. Партия көшбасшысы Азаматхан Әміртаев өртті бәсекелестері ұйымдастырды деп отыр. «Байтақ» жасылдар партиясы 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына қатысады.