дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақта оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасады

Байзақта оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасады
ашық дереккөз
Байзақта оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Өткен аптада ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиынға ҚР Қарулы Күштері Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев, Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Нұрбол Зейнелев, сондай-ақ депутаттар, ардагерлер, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, аудандық төтенше жағдайлар, қорғаныс бөлімдерінің басшылары, қызметкерлері қатысты.

Басқосуда Тілеухан Басхожаев 28349 әскери бөлімдегі пайдалану мерзімі өткен оқ-дәрілерді жою мәселесіне тоқталды.

– Қорғаныс министрлігі жарамсыз оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету мен оларды кәдеге жарату бойынша жұмыс жүргізуде. Оларды сақтау объектілерін жетілдіру шаралары қабылдануда. Бұл іс-шаралар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді, – деген Тілеухан Басхожаев іс-шараға саперлік бөлімшелер жұмылғанын хабарлады.

Жиналған оқ-дәрі қалдықтары жару әдісімен жойылады.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке қазіргі заманға сай қоймалар салу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Олардың елді мекендерден алыс жерлерде салынуын, жарамсыз оқ-дәрілерді уақтылы жою қажеттігін де ескертті.

«Әскери-көлік авиациясын, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштері мен құралдарын, инженерлік әскерлерді, әскери медицинаны дамыту Қорғаныс министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар