«Әбден құтырды». Дрифттен турнирдің негізін қалаушы қазақша сөйлегісі келмейтінін дөрекі айтқан
- авторМағжан Орынбасар
- 3 шілде, 2024
- 617
Әлеуметтік желілерде Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің қазақ тілінде сөйлеуден дөрекі түрде бас тартқан бейнежазбасы тарады , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бейнежазбадан адамдар арасындағы даудың неден басталғанын аңғару қиын. Бірақ Чекменевтің қазақша сөйлегісі келмейтінін қатқыл дауыспен айтқаны айқын аңғарылып тұр.
– Сен мен түсінетін тілде сөйле, әйтпесе менімен мүлде сөйлес пе, ұқтың ба? "Ей" деп әйеліңе қарата сөйле. Сен орыс тілін түсінбейсің ғой, братан?, – дейді ол.
Артем Чекменев жайлы желіде ақпарат кемде-кем. Ашық деректерде оның шыққан жері, өскен ортасы жайлы нақты мәлімет жоқ.
Бейнежазба әлеуметтік желілерде әжептәуір дау туғызып, көптің ашуын келтірді.
- «Әбден құтырды ғой, орнына қоятын намысты жігіттер қайда?», «Мына шовинисті бірден түрмеге қамау керек», «Тауып алып, жазасын беру керек», «Шаңыраққа қарамай ма?, бізге мұның кешірім сұрағаны кереку емес»,- дейді желі қолданушылары.