Жаңалықтар

«Әбден құтырды». Дрифттен турнирдің негізін қалаушы қазақша сөйлегісі келмейтінін дөрекі айтқан

Даудың неден басталғаны белгісіз

Әлеуметтік желілерде Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің қазақ тілінде сөйлеуден дөрекі түрде бас тартқан бейнежазбасы тарады , деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Бейнежазбадан адамдар арасындағы даудың неден басталғанын аңғару қиын. Бірақ Чекменевтің қазақша сөйлегісі келмейтінін қатқыл дауыспен айтқаны айқын аңғарылып тұр. 

Артем Чекменев жайлы желіде ақпарат кемде-кем. Ашық деректерде оның шыққан жері, өскен ортасы жайлы нақты мәлімет жоқ. 
Бейнежазба әлеуметтік желілерде әжептәуір дау туғызып, көптің ашуын келтірді. 
-    «Әбден құтырды ғой, орнына қоятын намысты жігіттер қайда?», «Мына шовинисті бірден түрмеге қамау керек», «Тауып алып, жазасын беру керек», «Шаңыраққа қарамай ма?, бізге мұның кешірім сұрағаны кереку емес»,- дейді желі қолданушылары.