Бектенов әріптестерін отандық онлайн ойынды ойнауға шақырды
GTA-ға ұқсас болып сипатталған бұл ойын қазірдің өзінде App Store-да қолжетімді
Үкімет отырысында қазақстандық IT маманы жасап шығарған жаңа онлайн ойын таныстырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оны естіген премьер-министр бос уақытында ойнап көруге уәде беріп, әріптестерін отандық өнімді қолдауға шақырды.
«Мен білемін, жас әріптестеріміз осы ойынды ойнайды», – деп атап өтті Бектенов.
Бұл бастама IT саласындағы қазақстандық мамандардың әлеуетін көрсетіп қана қоймай, отандық өнімдерді қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ойын тек қызығушылық тудырып қана қоймай, елдегі технологиялық дамудың жаңа деңгейін паш етіп отыр.
Бақытжан Бекболат