Жаңалықтар

Белгілі актриса Анастасия Заваратнюк өмірден өтті

Актриса көпшілікке «Моя прекрасная няня» телехикасы арқылы жақсы таныс

Ресейдің танымал кино және театр актрисасы Анастасия Заваратнюк 53 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Марқұм 5 жыл бойы мидағы ісікпен арпалысқан, деп хабарлайды jambylinfo.kz.  

Анастасия Заваратнюк 1971 жылы Астрахань қаласында өмірге келген. Ол театр сахнасы мен кинода көптеген басты рөлдерді сомдаған. Актрисаның бағын  “Моя прекрасная няня” фильмі ашты. 

Анастасия Заваратнюктің артында 1 ұл, 2 қызы қалды. Ең кенжесі небәрі 5 жаста.