Белгілі кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті

Бұл ақпаратты ERG баспасөз қызметі растады
Белгілі кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 71 жаста еді. Қазақстанның «Барыс» I және III дәрежелі ордендерімен, сондай-ақ «Құрмет» орденімен марапатталған.
Бизнесмен "Еуразиялық қаржы компаниясы" мен "Еуразиялық банк" директорлар кеңестерінің төрағасы, Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ҚР ат спорты федерациясының құрметті президенті болған.