Жаңалықтар

Bereke Bank кредитті комиссиясыз беретін болды

Bereke Bank кредитті комиссиясыз беретін болды

Bereke Bank (бұрынғы Сбербанк) жарты жылға «Шағын бизнеске комиссиясыз берілетін несиелер!» акциясын бастап, кредитті комиссиясыз беретін болды. Банктің хабарлауынша, шағын бизнес үшін несие рәсімдеген кезде, сондай-ақ алдағы уақытта оған қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды. Bereke Bank заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әртүрлі қажеттіліктерге және мақсатқа бағытталған бірқатар несиелеу бағдарламаларын ұсынады. Кәсіпкерлер тұрғылықты жері мен қызмет саласына қарамастан, өзіне қолайлы бағдарламаны таңдай алады, ол бойынша банк комиссияға ақша алмайды. Bereke Bank қазақстандық бизнестің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Біз мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалардың, сондай-ақ өзіміздің бірқатар жеке бағдарламаларымыздың аясында да қаржыландырамыз. Шағын бизнесі бар клиенттер жақын арадағы жарты жылда несие рәсімдегені және оған қызмет көрсеткені үшін алынатын банк комиссияларынан банк комиссияларынан босатылады, –  деді  «Bereke Bank» АҚ басқарма төрағасы Андрей Тимченко. Бүгінде Bereke Bank-те шағын бизнес өкілдеріне арналған бірқатар жеке қаржыландыру бағдарламалары бар. Оларға айналымдағы қаржыны толтыруға берілетін қарыздар, бизнес-ипотека, көлік және арнайы техника сатып алуға берілетін несие, овердрафт Start up және басқа да қызмет түрлері кіреді. Несие рәсімдеуге өтінімді Bereke Bank-тің барлық филиалдарында беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін заңды тұлғаларға арналған байланыс орталығына 7744 нөмірі бойынша хабарласуға болады.