Жаңалықтар
Берік Уәли Тоқаевтың өкілеттігінің аяқталу мерзімі туралы қауесетті жоққа шығарды
- авторjambylinfo.kz
- 3 қаңтар, 2024
- 205
Берік Уәли Тоқаевтың өкілеттігінің аяқталу мерзімі туралы қауесетті жоққа шығарды
Бүгін бірқатар шетелдік БАҚ Тоқаевтың өкілеттігі 2026 жылы аяқталатыны туралы жазған. ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли осыған қатысты түсініктеме берді.
«Біздегі нақты жағдаймен таныс емес кейбір журналистердің арасында түсінбеушілік туындаған. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Конституцияны өзгерту және келесі сайлауға қатысу мақсатында 2026 жылы референдум өткізуге қатысты болжамдарды жоққа шығарды.
Президент 2022 жылдың қарашасында жеті жылдық мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес, оның өкілеттігі 2029 жылдың қарашасында аяқталады.
Сонымен қатар Қ. К. Тоқаев бұған дейін президенттік өкілеттіктерді жеті жылдық мерзімге шектеуді ұсынған болатын», - деп жауап берді Б.Уәли.
Ақпарат дереккөзі: @qazaqstantv
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала