Жаңалықтар

Бес өңірде азық-түліктің бағасы шарықтап тұр – үкімет

Бес өңірде азық-түліктің бағасы шарықтап тұр – үкімет

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтуынша, әкімдіктер қолда да шараларды да, қаржыны да тиімді пайдаланып жатқан жоқ. Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік инфляциясының орташа деңгейі 1,4 процентті құрады. Бірақ кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болып тұр. Астана мен Шымкент қалаларында - 2,2%, Қызылорда , мен Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%, Ақтөбе облысында – 1,7%, ал Ұлытау облысында азық-түлік 1,5 процентке қымбаттады. 🧅Ең жоғары өсім пиязда 22,5% қымбаттаған. 🍚күріш 5,2% 🥬 қырыққабат 4,1%, 🥕сүт және сәбіз 3,1% 🥔картоп 3,0%