бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 23:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бесінші балам — алтын бала»: олимпиада чемпионы Елдос Сметов көпшілікке отбасын көрсетті

«Бесінші балам — алтын бала»: олимпиада чемпионы Елдос Сметов көпшілікке отбасын көрсетті
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Спортшы аяулы жарымен 2017 жылы шаңырақ көтерген

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бес баланың әкесі. Спортшы кенже ұлын алтынға теңеп, баласын «алтын бала» деп еркелетеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Елдос Сметов аяулы жары екеуі бүгінде екі қыз, үш ұл тәрбиелеп отыр. Чемпионның кішкентайы өткен жылдың желтоқсан айында дүниеге келген. Дзюдошы ұлына Абдолла деген есім берген.

Елдос Сметов Париж төрінде чемпион атанған соң отбасына видеоқоңырау шалып, бесінші баласына қарата «Сен бала - алтын бала болдың ғой!», деп еркелеткенін ел көрді.

Айта кетейік, күні кеше Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев олимпиада чемпионының шаңырағына арнайы барып, оның ата-анасына «Құрмет грамотасын», ал асыл жарына «Алғыс хат» табыстаған болатын.

 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар