сәрсенбі, 2 қазан, 2024 3:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бейбіт, тыныш заманда ғана халықта өсім болады

Бейбіт, тыныш заманда ғана халықта өсім болады
ашық дереккөзі
Бейбіт, тыныш заманда ғана халықта өсім болады
Бүгін Ұлттық демография үшін елімізде елеулі жаңалық болғаны анық. Ол Қазақ мемлекетінің саны 20 миллионға жетуі. Әрине біз сияқты аз халықты мемлекет үшін мұндай өсім үлкен қуаныш. Себебі Қазақстан Республикасының Конституциясының өзінде мемлекеттің басты қазынасы адам екені көрсетілген. Бұл алдымен, халық ахуалының көтерілгенін, ұлт саулығына, көпбалалы отбасыларға жасалып жатқан көмектің артқанының бір көрсеткіші. Әрине бұл пікірге әртүрлі сөз айтушылар табылары анық. Дегенімен, бейбіт, тыныш заманда ғана халықта өсім болады. Оны тарих та дәйектейді. Осы ретте, осыдан екі жыл бұрын мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалған «Аңсаған сәби» жобасының да бүгінгі көрсеткішке жетуімізге өз ықпалы барын атап өткім келеді. бүгінгі қуанышты хабардан алдын аталмыш бағдарламамен 6000 бала дүние есігін ашқаны хабарланған еді. Бұл бір балаға зар болып жүрген қаншама отбасыға жасалған үлкен қолдау. Кезінде алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Әлхамдулилла, 6 миллион қазақпыз!» деп жаһанға жар сала қуанды дейміз. Бірақ ұлт ұстазының мына сөзін де естен шығармаған абзал: «Ұлт жұмысы — үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе?». Рас, біз сияқты жері ұлан-ғайыр, шұрайлы мекенге 20 миллион меже болмауы керек. Шыны керек, қуанышты хабарды естігенде қазақы ырыммен «түфәй-түфәй, тіл-көзден сақта» деп қойдық. Лайым, қуанышымыз арта берсін! Қазақ елінің сапалы саны арта берсін! Назым Қожамарова, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар