Бейнеу ауданында өлген қоқиқаздар табылды
Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қазақстанның Қызыл кітабына енген әзірге 5 бас қоқиқаздың (фламинго) денесі құм арасында жатқанын бүгін сол аумақта маын қарап жүрген 7-ші сынып оқушысы Ғизат Орынбай көріп, видеоға түсіріп алған. Видеоны Маңғыстау аймақтық экологиялық кеңес таратты. Бір қызығы бұл жағдай тура бір жыл бұрын, яғни 2022 жылдың 24 сәуір күні орын алған болатын. Ол кезде мамандар құстардың өліміне аймақтағы қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Қызғылт қоқиқаздар – жыл құстары. Жазда олар Ақмола облысындағы Қорғалжын қорық аймағын мекен етеді. Ал қыста Ирак немесе Түркіменстанның жылы аймақтарына көшеді. Көктемде және күзде олар Маңғыстау облысында тынығу үшін тоқтайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024