Жаңалықтар

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова алғашқы жүлдені қоржынға салды

Ұлттық құраманың үздігі Әбиба Әбужақынова  Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, -деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

48 келі салмақта ел намысын корғаған спортшы жартылай финалда түркиялық Тугше Бедерді жеңді.

Осылайша Әбиба екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.