Жаңалықтар

Әбиба Әбужақынова ширек финалда жеңілді

Отандасымыз енді жұбаныш белдесуіне шығады

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарында ширек финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазақстандық дзюдошы алдыңғы екі қарсыласын оңай еңсергенімен испаниялық Лаура Абелиндадан айласын асыра алмады. 

Әбиба Әбужақынова ә дегеннен белсенді шабуыл жасап, қарсыласына түрлі айла-тәсіл қолдануға тырысты. 

Алайда испандық дзюдошы сақ күресіп, соңғы секундтарда отандасымызды қапыда қалдырды. 

Енді Әбужақынова жұбаныш белдесуінде парагвайлық балуанмен кездеседі.