Жаңалықтар

«Бидің түбін түсірді»: Сметов пен Жылгелдиевтің биі елге позитивті көңіл-күй сыйлады (ВИДЕО)

Ұстаз бен шәкірттің биі әлеуметтік желіде кеңінен тараған

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жері Таразда жеңісін кең көлемде тойлап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кеше спортшының құрметіне мейрамханада  шүкір тойы өтті. 

Тойда Елдос Сметов жеке бапкері Ғалымжан Жылдгелдиевпен "Kok jiguli" әніне би билеп, әлеуметтік желі қолданушыларына  позитивті көңіл-күй сыйлады. 

Ал видеоны тамашалаған желі қолданушылары "чемпионға бәрі жарасады", " Жарайсыздар, бидің түбін түсірдіңіздер", -деп чемпион мен оның бапкеріне жылы лебізін жазған.

Еске салайық, кеше Жамбыл жұртшылығы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовты сән-салтанатымен күтіп алды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен балуанға 5 бөлмелі пәтер мен су жаңа көліктің кілтін сыйға тартты. Спортшының жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке де 2 бөлмелі үй мен көлік табыс етілді.