Жаңалықтар

Билікті басып алу және сепаратизм үшін ШҚО-ның екі тұрғыны 5 жылға сотталды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды,-деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

Тергеу барысында анықталғандай,  бұл азаматтар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы үгіт-насихат жүргізген.

«Бұл азаматтар референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді. Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында» -деп жазылған Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының хабарламасында.