дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Білім алуға мүмкіндік жоқ»: Меркілік оқушылар жаңа оқу жылында мәдениет үйінде оқуға мәжбүр

«Білім алуға мүмкіндік жоқ»: Меркілік оқушылар жаңа оқу жылында мәдениет үйінде оқуға мәжбүр
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Өйткені аудандағы екі мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған

Меркі ауданының Мыңқазан және Ақтоған ауылдарының балалары жаңа оқу жылында мәдениет үйінде оқиды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкевтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында жаңа орқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Саладағы кемшілік аз емес. Мәселен, аймақ басшысы Меркі ауданында Мыңқазан мен Ақтоған ауылдарындағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы бітпей жатқанын айтты. Салдарынан аудан әкімдігі балаларды уақытша мәдениет үйінде оқытуды жоспарлап отыр екен.

-  Өткен аптада менің орынбасарым Серік Жақсылықұлы ауданға барып, аталған мектептердің оқу жылына дайын еместігін хабарлады. Мердігерлер аудан әкімінің құрылыс басына келмегенін растап отыр,- деген Ербол Қарашөкеев аудан әкімі мектептердегі жұмыстарды бақылаудың ұстамағанын айтып, оған құрылыс басындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Ал, Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары қазан айында бітеді деп отыр. Бірақ, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов мәдениет үйінде балаларға білім беру санитарлық нормаларға сай келмейтінін жеткізді.

-  Оқушыларды мәдениет үйінде оқытуға болмайды. Онда  санитарлық нормалар сақталмаған. Оның ішін зерделеп көрдік. Бір бөлмеде бес сынып отырады. Арасын жапқыштармен бөліп қойған. Тіпті білім алуға мүмкіндік жоқ,- деді Серік Сәлемов.

 

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар