жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Білім басқармасының есебі тыңдалды

Білім басқармасының есебі тыңдалды
ашық дереккөзі
Білім басқармасының есебі тыңдалды
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы отырысы өтті. Бақылау комиссиясының кезекті басқосуында 2022 жылдың қорытындысы бойынша білім басқармасымен оған қарасты мекемелерге азаматтардан түскен өтініштердің барысы туралы мәселе қаралды. Шараға партия облыстық филиалы бақылау комиссиясының мүшелері, ZOOM байланысы арқылы аудандағы білім бөлімдерінің басшылары және партия аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағалары қатысты. Жиында алдымен Партия облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова баяндама жасап, есепті кезеңде 4166 өтініш түсіп, оның 2266-ы оң шешілсе 1900-на түсініктемелер берілгенін жеткізді. Сондай-ақ, ол балаларды мектепке орналастыру кезінде қиындықтар мен кедергілерге тап болған тұрғындардың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жиі келетінін атап өтті. Бұдан өзге, мектепке жұмысқа тұру бойынша да өңір тұрғындары партиядан көмек сұрайтынын да жасырмады. Жиында сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Мейірхан Өмірбек баяндама хабарлама жасап, басқарма тарапынан тіркелген арыз-шағымдар бойынша зерделеу комиссиялары тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған фактілер бойынша құзырлы органдарға хаттар жолданғанын мәлім етті. Тиісті азаматтар жасаған іс әрекеттеріне байланысты қатаң шараларын алыпты. Сондай-ақ, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының, Жамбыл облысы әкімі аппаратының және басқарманың ішкі бақылауы нәтижесінде жалпы 47 бұзушылықтар анықталып, 21 лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылыпты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар