дүйсенбі, 25 қараша, 2024 11:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Білім беру статистикасы көпшілікке қолжетімді болмақ

Білім беру статистикасы көпшілікке қолжетімді болмақ
ашық дереккөзі
Білім беру статистикасы көпшілікке қолжетімді болмақ
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру статистикасы кезең-кезеңімен ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Білім беру саласындағы ең маңызды ақпараттық жүйе – Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ). Жүйеде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру деңгейіндегі барлық статистика мен білім саласындағы ақпарат бар. Дәлірек айтқанда, оқушылардың алған бағалары мен жетістіктері, мұғалімдердің біліктілігі, мектептердің, колледждердің, балабақшалардың материалдық-техникалық қоры және т.б. Бұрын ҰБДҚ-дағы деректерді тек білім саласының қызметкерлері ғана пайдаланса, енді барлық ақпарат жұртшылыққа, сарапшыларға, зерттеушілерге, әкімдіктерге және басқа да мемлекеттік органдарға бірте-бірте және әртүрлі дәрежеде қолжетімді болады, – деп жазды министр.
Оның айтуынша, қазір білім беру статистикасын жинау тетігін толығымен қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны негізінен электронды журналдар жүйесінен алынатын бағаларды қоспағанда, ҰБДҚ-да әрбір білім беру ұйымына жауапты тұлғалардың өздері тікелей енгізетін. Енді қазір бұлтты бухгалтерия, электронды құжат айналымы және электронды кадр, электронды аттестация және басқа да жүйелерден барлық негізгі ақпаратты автоматты түрде жинау шаралары жүргізіліп жатыр. Яғни барлық ақпарат автоматты түрде деректер қорына түседі. Сондай-ақ білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық білім беру деректер қорынан (ҰБДҚ) әртүрлі құрылымдарға, зерттеушілерге және жұртшылыққа арналған иесіз деректер белгілі бір параметрлер бойынша кезең-кезеңімен жалпыға қолжетімді болады. Яғни белгілі бір параметрлер бойынша кез келген адам статистикалық деректерді бақылай алады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар