Білім саласындағы жемқорлық: Антикор үш өңірдегі атышулы істердің қылмыстық схемасын ашты
Білім саласындағы жемқорлық: Антикор үш өңірдегі атышулы істердің қылмыстық схемасын ашты
Cоңғы 3 жылда білім беру саласында 300-ден астам жемқорлық құқық бұзушылық тіркеліп, 200-ге жуық адамның қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы Антикор мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен отырысында айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев орта білім беруді қаржыландыру кезінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге келісті. Бірлескен талдаудың басталуына білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп болды. Антикор мәліметінше, жалпы қылмыстар республиканың барлық өңірлеріне тән бола тұра, олардың ең көп саны Шымкент қаласына, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі.