Жаңалықтар
БІР АДАМ ЖАРАЛАНДЫ: ТАРАЗДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ
- авторjambylinfo.kz
- 4 қаңтар, 2024
- 530
БІР АДАМ ЖАРАЛАНДЫ: ТАРАЗДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ
Таразда 4 қаңтарда сағат 10:45 шамасында Тараз қаласы Төле би даңғылының бойында келе жатқан №56 бағыттағы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тұрақта тұрған автокөліктерге (10 бірлік) соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болып, оның біреуі – 56 жастағы әйел дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жол көлік оқиғасы орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз