жексенбі, 13 қазан, 2024 11:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір аптада 6,5 млн адам коронавирус жұқтырды – ДДҰ

Бір аптада 6,5 млн адам коронавирус жұқтырды – ДДҰ
ашық дереккөзі
Бір аптада 6,5 млн адам коронавирус жұқтырды – ДДҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше өткен аптада 6,5 млн астам адам коронавирус жұқтырып, дерттен 14 мың адам көз жұмды. Бұл көрсеткіш одан бұрынғы аптамен салыстырғанда 9%-ға, қайтыс болғандар көрсеткіші 3%-ға қысқарған. «Жеті күн ішінде ДДҰ-ға 6 565 679 адамның жұқтырғаны және 14 179 адамның індеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат түскен. Вирус жұқтырғандар санының өсуі Батыс Тынық мұхиты аймағында (плюс 20%) және Африкада (плюс 5%) тіркелді. Сонымен қатар ауру Еуропада (минус 35%) және Шығыс Жерорта теңізінде (минус 12%) айтарлықтай төмендеді. Өлім-жітімнің едәуір өсімі Батыс Тынық мұхиты аймағында (плюс 44%), Шығыс Жерорта теңізінде (плюс 26%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (плюс 20%) анықталды. Ал Еуропада ауру көрсеткіші төмендеді (минус 26%). Жапония бір аптадағы ең көп ауру жұқтырғандар туралы хабарлады – 1 379 099 адам. Одан кейін АҚШ (923 366), Корея Республикасы (564 437), Германия (459 724) және Италия (394 583). АҚШ-та жеті күнде қайтыс болғандар саны ең көп тіркелген -2 626, делінген ақпараттық бюллетеньде. 3 тамыздағы жағдай бойынша ДДҰ-ға пандемия басталғалы 557 018 226 адамның коронавирус жұқтырғаны және 6 401 046 адамның қайтыс болғаны хабарланған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар