Бір аптада Қазақстанда 2 839 қылмыс тіркелді – ІІМ
Бір аптада еліміз аумағында 2800-ден астам қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Jambylinfo ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Бір аптада 2839 қылмыс жасалды, оның 1701 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты - 4, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты - 2, сондай-ақ 43 тонау және 388 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Сонымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда колонияларда 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






