Жаңалықтар

Бір аптада Қазақстанда 2 839 қылмыс тіркелді – ІІМ

Бір аптада Қазақстанда 2 839 қылмыс тіркелді – ІІМ

Бір аптада еліміз аумағында 2800-ден астам қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Jambylinfo ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Бір аптада 2839 қылмыс жасалды, оның 1701 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты - 4, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты - 2, сондай-ақ 43 тонау және 388 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде. Сонымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда колонияларда 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.