Жаңалықтар

Бір күнде Тараздық жүргізушілер екі миллион теңгеге жуық айыппұл арқалаған

Бір күнде Тараздық жүргізушілер екі миллион теңгеге жуық айыппұл арқалаған

Осыдан бір күн бұрын шаһарда “Сергек” камераларының ресми қосылғанын мәлімдегенбіз деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Бір күн ішінде әрбір бесінші жүргізуші жол ережесін бұзып, айыппұл арқалаған.

«Тәулік ішінде жалпы сомасы 1 млн 756 мың теңгені құрайтын 170 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сергек кешені жол ережесін бұзудың дәлелдемелері ретінде фотодан бөлек, қысқа видеоларды да түсіреді.Сол видеоларды көру арқылы, жүргізуші өз қателігінің дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдей алады», – дейді Жамбыл облысы ІІД Әкімшілік полиция департаменті әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Әлішев. Айта кетейік, кешеден бері жүргізушілер радар детекторларын жаппай сатып алуда. Дереккөз: Ktk.kz