Жаңалықтар

Бір кәсіпкерлікте 50-ге жуық жазасын өтеуші жұмыс істейді

Бір кәсіпкерлікте 50-ге жуық жазасын өтеуші жұмыс істейді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табысқа жетудің ең басты кілті – еңбек екенін айрықша өткені баршаға мәлім. Дана қазақ мұндайда: «Қолы қимылдағанға кедейлік, аяғы қимылдағанға аштық жоқ» дер еді. Иә, еңбекке ұмтылу әрбіріміздің бойымыздағы негізгі құндылық.

Қазіргі таңда қолданыстағы заңға сәйкес, сот үкімімен кінәлі деп танылған сондай-ақ бас бостандығынан айырылған азаматтарды да тұрақты жұмыспен қамту ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта құзырлы органдар жеке кәсіпкерлермен жүйелі түрде кездесу өткізіп, олардың түзеу мекемелерінің аумағында өз кәсібін ашуға ықпал етуде. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемеде «екі қолға бір күрек» тапқан жазасын өтеушілер жетерлік. Мысалы, көп ретте құрылыс пен автокөліктерді жөндеумен айналысатын «Компания Самұрық» жеке кәсіпкерлігінде 48 сотталған адам еңбек етеді. Осылайша, жазасын өтеушілер мемлекет алдындағы берешегі мен жақындарына да қаржылай көмектесуге мүмкіндік алып отыр.

Нұрсұлу КЕНИШБАЕВА, №26 мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты