Жаңалықтар

Бір оқушы көз жұмып, сегізі зардап шекті: Ақтөбеде директор орынбасары сотталды

Бір оқушы көз жұмып, сегізі зардап шекті: Ақтөбеде директор орынбасары сотталды

Оқушыларды қалаға жарысқа апара жатып аударылған көліктің рөлінде отырған спорт мектебі директорының орынбасары екі жарым жыл түрмеде отырады.

Бұл оқиға осыдан тоғыз ай бұрын болған еді. Ішінде тоғыз оқушы мен жаттықтырушы отырған Toyota Estima көлігі аударылды. Бір бала оқиға орнында көз жұмды. Екі бала орташа ауыр дәрежеде, 4 бала және жаттықтырушы ауыр жарақат алды. Оқушылар аяғынан тұрғанымен, бапкер төсекке таңылған, жағдайы тым ауыр. Оның еміне сотталушы өтемақы төлеуге тиіс. @sputnik_aitady