Бір пәтерге бірнеше адамды тіркеуге шектеу қойылуы мүмкін
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 4 наурыз, 2025
- 260

Бір пәтерге бірнеше адамды тіркеуге шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 24kz сілтеме жасап.
Толығырақ айтқанда, «резеңкелі пәтерлер» жойылатын болады. Ертең Мәжіліс депутаттары Астана және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту бойынша заңның жобасын қарастырады. Бірқатар мәселе бойынша баяндама тыңдалады.
Былтыр Елордада бірқатар азамат тіркелген 30-дан астам пәтер анықталған. Азаматтарға салынған айыппұл көлемі миллион теңгеден асады. Айта кетейік, 35 шаршы метрлік пәтеріне 600-ден астам тұрғынды тіркеген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы заңның осалдығынан, салада тәртіп жоқ. Бұл түйткілді шешу үшін құжатқа бірқатар өзгеріс енгізілмек.
Айыппұл өзгертілмейді деп ойлаймыз. Барлық тіркеулер қазір электрондық түрде ғой. Ол бөтен адамдарды тіркемеудің жолы. Мысалы пәтердің иесіне туыстары, жақын туыстары, жанұя мүшелерін ғана тіркейсің. Ал қалғандарын болмайды. Өйткені бұл қаланың бюджеті, инфрақұрылымы. Сондықтан осындай бір тетіктерді орнатып жатырмыз,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы.