Жаңалықтар

Бір тәулікте 175 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Бір тәулікте 175 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда бір тәулікте 175 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қайтыс болғандар тікелген жоқ, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Бір күн бұрын 163 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 563 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 326 пациент стационарда, 2237 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Коронавирусқа шалдыққандар арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 8 науқастың жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалаған. 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.