Жаңалықтар

Бір тәулікте коронавирус пен пневмония 86 адамнан анықталды – министрлік

Бір тәулікте коронавирус пен пневмония 86 адамнан анықталды – министрлік

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус – 80, коронавирус пневмониясы 6 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 25 наурыздағы жағдай бойынша, қазір өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 729 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 555, пневмониядан (КВИ-) – 174) емделуде. Олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 3 адамның жағдайы ауыр, - 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Айта кетейік, коронавирус 22 наурызда 23 адамнан,23 наурызда 22 адамнан анықталған болатын.