сейсенбі, 1 қазан, 2024 22:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір топ қарулы адам Жамбыл ауданы жанар-жағармай құю бекетінде текетіреске қатысқан

Бір топ қарулы адам Жамбыл ауданы  жанар-жағармай құю бекетінде текетіреске қатысқан
ашық дереккөзі
Бір топ қарулы адам Жамбыл ауданы жанар-жағармай құю бекетінде текетіреске қатысқан
Жамбылдық полицейлер 8 адамның қатысуымен ұйымдастырылған қарулы қақтығыстың алдын алды. 12 қыркүйекте Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақшы болған. Ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері келді. Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынып, тінту жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді. Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екендігі анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен (Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар реті тағайындалды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар