жексенбі, 24 қараша, 2024 20:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір үйдің бес баласы түтінге уланып көз жұмды

Бір үйдің бес баласы түтінге уланып көз жұмды
Сурет: rg.ru
Қайғылы оқиға Түркияда орын алған

Түркияның Измир аймағындағы Селчук ауданында бір үйдің бес баласы өрттен қайтыс болды. Тергеу кезінде анықталғаны электрлі пештен ақау шығып, соңы өртке ұласқан деп хабарлайды Jambylinfo.kz Qazaqstan.tv сілтеме жасап.

Үйде ересектердің қарауынсыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер түтінге тұншығып қалған. Бұл уақытта 27 жастағы анасы көне заттарды сату үшін базарға кетіпті. Ал балалардың әкесі бірнеше жыл бұрын ұрлық жасады деп сотталып кеткен. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырғаны үшін шешесі қазір қамауға алынды.

Бұл жантүршігерлік оқиға Түркия қоғамында қызу талқыға жол ашты. Ақпарат құралдары бүлдіршіндердің мұндай жағдайға душар болуына кім кінәлі деген сұрақтарға жауап іздеуде. Қайғылы оқиғаға қатысты қызу пікірталас жүргізген Парламент депутаттары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған бағдарламаны қайта қарау керектігін айтты.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар