Бір жылда азық-түлік бағасы 19,7% қымбаттады
2022 жылдың шілдесінде инфляция жылдық есептеуде 15%, бір айда 1,1% құрады.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы елдегі инфляция туралы деректерді жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 14,2%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға көтерілді.
Азық-түлік нарығында құмшекер 87,3%, басты пияз 71,7%, ұн 36,6% қымбаттады. Ал сәбіз бағасы 29,6%, қызылша 25,2% төмендеді.
2022 жылдың шілдесінде (2021 жылғы шілдемен салстырғанда) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасі14,2% өсті.
Жеке қолданылатын тауарлар – 26,3%, жуу және тазалау заттары – 23,5%, тұрмыс құралдары – 22,6%, құрылыс материалдары – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 19,1%, автомобильдер– 15,2%, ыдыс – 14,8%, тоқыма бұйымдары – 11,5%, фармацевтикалық өнімдер 9,7% қымбаттады.
Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Кешенді демалу ұйымдарының бағасы – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтері – 15%, санаторий қызметтері – 14,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері – 13%, қонақ үй қызметтері 5,9% қымбаттады. Жолаушылар көлігі қызметтерінің құны 5,5% көтерілді.
Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қымбаттаумен қоса төмендеген.
"Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуаты – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады, ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%-ға, ыстық суға 1,3%-ға, суды бұру үшін 0,5%-ға төмендеген", – деп атап өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Облыс жастарының 10 пайызы NEET санатында
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 сәуір, 2026





