Жаңалықтар

Бір жылда балық бағасы 15% қымбаттаған

Бір жылда балық бағасы 15% қымбаттаған

Energyprom

мәліметінше, Қазақстанда балық аулау көлемі артып, оны өңдеу азайып барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресурстың жазуынша, бір жылдың ішінде елдегі балық бағасы 15% қымбаттаған. «Қаңтар-тамыз аралығында елде 30,9 мың тонна балық өндірілді. Бұл былтырғыдан 15,5% көп. «Хабар 24» арнасының мәліметі бойынша, . Қызылорда облысында 15 мың тоннаға жуық өнім шығаратын 10 балық зауыты бар. 2022 жылдың 8 айында елде басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балықтың, уылдырықтың және оның алмастырғыштарының тек 6,6 мың тоннасы өндірілді. Бұл былтырғыға қарағанда бірден 29,7% аз. Осы сегменттегі өнімнің үштен бірінен астамы Түркістан облысына тиесілі болды: 2,4 мың тонна(+43,9%). Одан кейінгі орындарда Батыс Қазақстан (1,8 мың тонна) мен Шығыс Қазақстан (561 тонна) облыстары тұр. Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар өңделген және консервіленген балықтарға, шаян тәрізділер мен моллюскаларға деген сұранысты 53,1% қамтамасыз еткен. Елге 28,7 мың тонна өнім импортталды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,8% көп», - деп жазады Energyprom. Ресурстың мәліметіне қарағанда, қолда бар балық өнімдерінің 20,4% экспорттқа кеткен, ол – 12,4 мың тонна. Бұл былтырдан 9,3% артық. «Ішкі нарықта 48,7 мың тонна балық сатылды. Бұл тұрғыда бір жылдық көрсеткіш өзгерген жоқ. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, жас балықтың бағасы 15%, мұздатылған балық 15,1%, аршылған мұздатылған асшаян 26,4% қымбаттады. Өңірлер арасында балық бағасы Павлодар (44,7%), Қостанай (24,7%) және Маңғыстау (24%) облыстарында тіркелген. Мұздатылған балық бағасы Маңғыстау (43,4%), Жетісу (35,2%) және Атырау (29,6%) облыстарында айтарлықтай өсті. Тазартылған мұздатылған асшаян бағасы Маңғыстау (2,5 есе), Ақтөбе (49,4%) және Ақмола (36,4%) облыстарында қымбаттады», - делінген сараптамада.