Жаңалықтар

"Біраз аймақта жауын-шашын болады": Синоптиктер Қазақстандағы күзге арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды

"Біраз аймақта жауын-шашын болады": Синоптиктер Қазақстандағы күзге арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер Қазақстандағы күзге арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Жамбылинфо Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазгидромет мамандарының болжамынша, қыркүйек айында бір айдың орташа температурасы республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенің солтүстік-батыс жартысында, Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шеткі солтүстік-батыста нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде . Қараша айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Мәселен, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу облыстарында нормаға жақын болады деп күтілуде. Қараша айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз болады. Ал Батыс Қазақстанда Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстанда нормаға жақын болса, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде жауын-шашынды болмақ. Оңтүстікте Алматы облысының жартысында, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының және Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашынды болмақ.