«Бірінші «бойдан» өте алмады деген не сұмдық?» Бақыт Сәрсекбаев бас бапкерді сынады
Бейжің олимпиадасынының чемпионы өз пікірін желідегі парақшасына жазған
Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында кейбір боксшылардың сәтсіздікке ұшырауына бас бапкер кінәлі екенін алға тартқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, құрамадағы боксшылардың дүбірлі додаға дайындығы өте төмен.
Сондай-ақ ол Қазақстан бокс федерациясы өкілдеріне қарата тағы да бір бірнеше сұрақ қойған.
Еске салайық, Олимпиадада жеті қазақ боксшысының үшеуі - Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) , Асланбек Шымбергенов (71 келі) Махмұд Сабырхан (57 келі) жарысты бірінші айналымда аяқтаған болатын.