сәрсенбі, 9 қазан, 2024 15:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды: 400 мың өтініш түсті

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды: 400 мың өтініш түсті
ашық дереккөзі
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды: 400 мың өтініш түсті
Бүгін 1-сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау науқаны аяқталды. Ел бойынша 400 мың ата-анадан өтініш берілген. Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етілгендей, құжаттарды қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар шамамен 400 мың өтініш беріп үлгерді. Балалардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылған және ата-аналар құжаттарды дәстүрлі форматта да, онлайн форматта да тапсыра алды. Өтініштердің 80%-ы электронды форматта берілді. «Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындау мен ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі. Жүргізілетін жұмыстар әлі жеткілікті және ол үшін мектептер тамыз айын тиімді пайдаланады. Бірінші сынып оқушыларының басым бөлігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қамтудың жоғары көрсеткіші Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында байқалады», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар